"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарлыкөл ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карлыколь отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар жылы: балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі үшін алаңдау қажет пе?

19.07.2022

Қазақстанда балабақшалардың лицензиясын қайтару мәселесі қайта көтерілуде. Бұл бастаманы 2020 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі көтерген болатын. Алайда, ол кезде Кәсіпкерлер палатасы, балабақшалар қауымдастығы және бірнеше мемлекеттік органдардың ұстанымы бірқатар себептермен қабылданбай қойды. Енді ата-аналар қауымы балабақшаларды лицензиялауды қайтару мәселесінің, әсіресе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Балалар жылы аясында өзекті екенін алға тартып, оған қоғамның ерекше назарын аудармақ, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі өкілдерінің арасында балабақшаларды міндетті түрде лицензиялауды енгізу түйіні шешілмеген мәселеге айналып отыр. Лицензиялауға қарсы болғандардың пікірінше, салалық министрлікте сыбайлас жемқорлық өршіп, ал талаптардың қатаңдатылуы салдарынан мектепке дейінгі мекемелер жаппай жабылуы мүмкін.

«Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне келгенде бір жақтың ұстанымы – неге тек балабақша иелерінің пікірі ескерілгенін түсінбейміз? Мұндай мәселе, ең алдымен, бізбен – ата-аналармен келісілуі қажет. Пайданы ғана көздеген кәсіпкерлер балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдамайтынын түсінулеріңіз керек. Олар үшін ең бастысы – неғұрлым мол пайда табу. Ал лицензиялауды енгізу балабақшалар жұмысының нақты және түсінікті критерийлері мен алгоритмдерін құруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Соның ішінде міндетті түрде бейнекамералар орнату, күзет қызметінің болуы, барлық санитарлық талаптарға сай келетін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асханалардың жұмыс істеуі, білікті тәрбиешілердің қызмет етуі бар», – дейді ата-ана Айжан Ілиясова.

Өз ойымен «Дана» жекеменшік мектептер мен балабақшалар желісінің негізін қалаушы Күләнді Батырбекова да бөлісті. «Әрине, мемлекет бізді қолдап, 2009 жылы балабақша ашу тәртібін барынша жеңілдетті. Ол кезде бұл мектепке дейінгі мекемелердің санын арттыру үшін қажетті шара болды. Алайда, кейбір жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері өз қызметін асыра пайдаланып, оңай әрі тез пайда табу мақсатында ашылады және жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды көбейтуді талап етеді. Мен де осы саланың өкілі болып табыламын. Иә, біз қаржыландырудың көбейгенін қалаймыз. Бірақ, қаражатты қажеттіге жұмсап, барлық жағдай жасай алатын – балаларымыз өздерін қауіпсіз сезінетін балабақшаларға ғана бөлу керек деп есептеймін. Жарияланған мораторий үшін мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Балабақшалар бітпейтін тексерулерден 11 жылға құтылды. Дегенмен, саннан сапаға мән беретін кезең келді деген ойдамыз, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өрескел фактілеріне куә болудамыз. Нәтижесінде, мұның барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі психологиялық жарақат алуына, өздерінің қауіпсіздігін сезінбеуге әкеліп соқтырды. Бұл олқылықты тоқтататын кез жетті», - деген пікірімен бөлісті Қ. Батырбекова.

Өз кезегінде «Әділет» жеке мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру республикалық қауымдастығының жетекшісі Динара Құдайқұлова лицензиялау арнайы бейімделмеген жертөлелерді, көлік жуу орындары, көпқабатты үйлер секілді үй-жайларда орналасқан балабақшалардан арылуға мүмкіндік береді деген ұстанымда. Сонымен қатар, соңғы кездері республика бойынша жиілеп кеткен мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өрескел фактілерін бұл барынша азайтуға септігін тигізбек.

Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы (РЖБҚ) астаналық филиалының басшысы Гүлсім Егізбаеваның пікірінше, лицензиялауды енгізу мәселесінде мамандар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары иелерінің ғана жеке пікірін ескере келе, біржақты қараған. Олар өз бизнесін қауіпсіз ету үшін аталмыш маңызды мәселеге қалайда «қарсы» болады. Осыған орай РЖБҚ мектепке дейінгі мекемелердің қызметін лицензиялау тәртібін қайтару талабын қайтаруды алға тартады.

Өз кезегінде, «Бал-Бөбек» балабақшасының құрылтайшысы Оксана Ушкевич балабақшаларға лицензия алу үшін салалық министрлік нақты біліктілік талаптарын жариялау қажет деген ойда. Мектептердегідей бірдей болса: (мұғалімдердің санитарлық анықтамасы, ТЖД анықтамасы, веб-сайттың болуы, ҰБДҚ), бұл құжаттардың барлығы мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларда да бар. Олай болса, балабақшалар барлығына ортақ біліктілік талаптарын ескеріп, құжаттарын жинап, лицензияны да электронды түрде алудан неге қашқақтайтыны күмән туғызады.

 

Балалардың қауіпсіздігіне, білім сапасына тікелей қатысты бұл ұсыныс ата-аналардың қатысуымен, ашық дауыс беру немесе сауалнама жүргізу арқылы кешенді шешілуі қажет деп есептейміз, деген ұстанымда ата-аналар қауымы.

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст