"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарлыкөл ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карлыколь отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша «өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар есебі

Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша

«өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар есебі 

2020-2021 оқу жылы

«Өзін – өзі тану» онкүндігінің мақсаты - оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, ”Адамгершілік” құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу, сүйіспеншілікке,сезімталдыққа, нәзіктілікке тәрбиелеу.

 Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша «өзін-өзі тану» онкүндігінде бірқатар іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. 2 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

3 ақпан күні 7-8 сынып оқушылары арасында «Жүрекке жол тапқан мейірімді ана» Сара Алпысқызы жайлы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар 2-4 сынып оқушылары арасында Уразалина А.Д., Абилькадирова А.Т. 4 ақпан «Руханикалықтың мөлдір бұлағы» атты ана, достық, бейбітшілік тақырыбында шығармашылық жұмыстар, сурет көрмесін ұйымдастырды.

5 ақпан мектеп кітапханашысы Абишева У.Е. «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға өзін-өзі тану пәнінің авторы, Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мәлімет берді.

2-8 сынып оқушыларымен «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан» тақырыбында сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді. 5-6 сынып оқушылары арасында Ауғали А.Ж. «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырып, белсенділік танытқан оқушыларды мақтау грамотасымен марапаттады. Амерханова К.Б. бастауыш сынып оқушыларымен «Мен бақытты баламын» атты ән кешін өткізіп, оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Онкүндіктің жабылу салтанаты «Жақсы сөз жан жадыратады» қанатты сөзінің шеңберінде өткізілді. Онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар мектептің инстаграм парақшасында жарияланды.

 

 

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Абенова Ж.Ж.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 15.02.2021 13:47
Құрылған күні: 16.02.2021 09:33

Текст