"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарлыкөл ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карлыколь отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мейірімділік- асыл қасиет" сынып сағаты

Мейірімділік- асыл қасиет

Мақсаты: білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

         Міндеттері: 

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:              

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;         

-психологиялық дайындық;

Шаттық шеңбері

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Мұғалім:  -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

– Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мультфильм көру «Подарок для самога слабога»

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

 

«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

-Сурет бойынша жұмыс

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді балалар мен қазір сендерге  «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар, сол әңгімені оқып берейін,мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға көрнекілік  түрінде көрсетіледі)

-М.Төрежанов-авторымен таныстыру, әңгімені оқу

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақтар:

  1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
  2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
  3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)

Мұғалім:

-Сары тауық өзінің  бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті?  Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз. –кесте б-ша

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

 

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім:   -Балалар жаңа өздерің  көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)

– Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.

кішіпейіл                      мейірімді                       бауырмал

 

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

 

әдепті                        жақсы                    жанашыр

 

Дәйексөз:        Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.   Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

«Ана – біздің күніміз, біз ананың гүліміз» тақтаға ілу гүлдерді

 

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)      Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су) Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)            Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)   Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)   Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:  -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?         (оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:     -«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істерді, екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар. «Мен мейірімді баламын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келіңдер.

Бағалау:  -Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға  түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

Жүректен- жүрекке   Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай  сен ақкөңілсің т.б».

Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынды.

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 09.02.2021 10:06
Құрылған күні: 09.02.2021 10:20

Текст