"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарлыкөл ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карлыколь отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін психологиялық сүйемелдеу

 «Танысу»  тренингтік жаттығу

Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;

-Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бәрәнші,еінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Талқылау:

1.Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?

  1. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
  2. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
  3. Не үшін қиын болды деп ойллайсың?
  4. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қаллай әсер етті?

Өзіндік бағаны дамыту

Мақсаты:ойын баланың өзіндік бағасының жоғарлауына, ұжымдағы маңыздылығын көтеруге бағытталлады.

Мазмұны: барлық балалар шеңбер жасап отырады. Олардың міндеті бірден тапсырманы керемет орындағанын айту.  Сөйлемді        «Бір күні мен….. деп бастау қажет». Мысалы: «Бір күні мен мектепте жолдасыма көмектестім» неесе «Бір күні мен үй тапсырмасын жылдам орындадым». Ойлануға екі минут уақыт беріледі, мұнан кейін балалар шеңбер бойымен қысқа хабарллама жасайды. Барлық балалар қз ойларын айтады.

«Жақсы қарым-қатынас»  тренингтік жаттығу

Мақсаты:  Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа,достыққа,шындыққа,тәрбиелікке үйрету.

Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім.                                                                                                Шарты: топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп,әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.   Оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қорытындылай келе тренингтік жаттығудың ережесін түсіндіру.

Ереже:

Құпиялылық

Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

Белсенді боламыз

Бір-бірімізге ренжімейміз

«Қазір» және «Осында» принціпі

 

«Жер сілкінісі» жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы балалар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы  орын ауыстыруы керек.

 

«Ұқсастық шегі» жаттығуы

Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.

 «Бірінші рет 5 сыныпқа» тренингі

Мақсаты:5 сыныпта оқушыларына жаңа оқу жүрісіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау.

Міндеті: Балалардың Мен-концепциясы,нақты өзі-өзі бағалау мен төмен мектеп дербестігі арқылы тұрақты оқу мотивациясың қалыптастыру.Құрдастармен,мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қажетті,балаларының әлеуметтік және коммуникативтіқ икемділіктерін дамыту.

 Сәлеметсіздерме балалар.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біз «Бірінші рет 5 сыныпқа!» атты тренингтік  жаттығу жүргіземіз. Балалар,бір бірімізді қолымыздан ұстап «Сә-ле-мет-сіз-дер-ме!» деп бірге айтып амандасайық, ақырғы буында бәріміз бірге қол шапалақтаймыз.

Бізге бірігіп сәтті жұмыс жасауға не қажет ережелерін есімізге түсірейік

-Өз пікірін еркін айтуға болады

-Басқа адамдардың пікірін ілтипатпен тыңдауы қажет

-бір бірімізді мазақтауға,ескерту жасап,сөзін бөлуге болмайды.

Осы ережелерді сақтасақ тренингіміз сәтті өтеді.

Ойын «Кемпірқосақпен жоғарғыға»

Ойын «Қандай сан аталады,сонша оқушы орынан тұрсын»

Жаттығу жасау үшін не қажет?

Ойын «сыйлық жаса»

Жест арқылы бір біріне сыйлық жасау керек.

Сыйлық жасағанда,сыйлық алғанда не сезіндін?

(Доп арқылы жауаптарды сұрау)

Ойын «Жеткіліксіз орындықтар»

Бір орындық кем қойылады.Жүргізуші айтады:орындарды ауыстырады қоңыр көз иелері.Кімде жақсы көңіл күй.Кім шалбар киіп келді.Кім юбка киіп келді.Кім бүгін тістерін ысты.

Ойын ұнады ма?

Жүргізуші болу ұнады ма?

Ойын «Өз орыныңды тап»

Маңдайларына үшбұрыш,төртбұрыш,дөнгелек жабыстырылады.Сөзбен,бір біріне қимылмен,бір бірін итеріп айтуға болмайды.Көз арқылы ғана қарым қатынас жасайсыңдар.Мақсаттарың үш топқа бөліну.

Осы ойын қандай сезім қалдырды?

Өзінің тобын табуға қиын болды ма?

Мандайыңыздағы фигураны қандай екенің қалай түсіндіңдер?

Басқа оқушыларға өз топтарын табуға көмектестіңдер ме?

Қорытынды:

Әр оқушыға сегізбұрыш, фломастерлер беріледі.Әр оқушы өз атын,жағымды қасиеттерін жазып елтаңбаны жасау қажет.Барлық елтаңбаларды үлкен сегіз бұрышқа бір-біріне тік желімдеу керек.Бос жерге БІЗ деген сөз жазылады.Балалар қараңдаршы,біздін елтаңбамыз неге ұқсайды?Аралар ұясына ұқсайды.Аралар өте еңбекқор,қандай жағдай болса да бір-біріне көмекке дайын,бірге нық үйді салады.

Мен деген сөздерді бір сөзбен айтуға болады?

Біз деген сөз Мен деген сөздерден болала ма?

Ойын «Біз қандаймыз?»

Өзара бір-бірін демеу арқылы өздерінің жақсы қасиеттерінен адамдар күш,қайырымдылық алады; өзіндегі  қасиеттерін жоғалтпай әр адам басқа адамның жақсы жағын алады.Мен сендерге жақсы сезімдер,басқа адамның  және өзінің жақсы қасиеттерін байқай білуге,өзінді және басқалардыжақсы көруге сыныпта ұжым болып бірігуге,сынып ұжымында дос болуды тілеймін.

Қорытынды:

Сұрақ: Сенің қазір көңіл күйін қандай?

-көңіл күйлерін өте жақсы болса жасыл дөңгелекті көрсетіндер

-көңіл күйлерін орташа болса көк дөңгелекті көрсетіндер

-дербестікті сезсендер қызыл түсті дөңгелекті көтересіндер

Ойларымызбен бөлісу.

Сау-бо-лы-ңыз-дар!

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 20.12.2020 22:24
Құрылған күні: 20.12.2020 22:37

Текст