"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарлыкөл ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карлыколь отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша «өзін-өзі тану» пәнінің І жарты жылдықта өткізілген іс-шаралар есебі 2020-2021 оқу жылыНи

Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша

«өзін-өзі тану» пәнінің І жарты жылдықта өткізілген іс-шаралар есебі

2020-2021 оқу жылы

«Өзін – өзі тану» пәнінің мақсаты - оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, «Адамгершілік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу, сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктілікке тәрбиелеу.

2020-2021 оқу жылы әдеттегідей өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысынан басталды. Онда өткен оқу жылында жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, жаңа оқу жылының негізгі міндеттері мен атқарылатын жұмыстар төңірегінде мәселе қозғалды. Өткен оқу жылында өткізілген сабақтар бойынша ұстаздардың баяндамалары оқылып, ашық сабақтар көрсетілді.

2 қыркүйек күні өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысы өткізіліп, жылдық жоспар таныстырылды. Жылдық жоспарға сәйкес белгіленген жұмыстарға жауапты мұғалімдер бекітіліп берілді.

Өзін-өзі тану пән бірлестігінің 2020-2021 оқу жылында басшылыққа алатын тақырыбы: «Оқытудың озық педагогикалық технологияларын қолдана отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуының көрсеткіші ретіндегі күтілетін нәтижелерге қол жеткізу» болатын.

Қарлыкөл негізгі мектебі бойынша 2020-2021 оқу жылында «Отбасы күніне» арналған өзін-өзі тану пәнінен іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 14-20 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық  өткізілді.

Апталықтың негізгі бағыттары:

  • отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу;
  • отбасының саулығын сақтауға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

    Атап айтсақ, 14 қыркүйек күні  5-сынып оқушыларымен Амерханова К.Б. «Ұрпақ жақсысы – ұядан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізді. Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын оқуышыларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді.

15 қыркүйек күні Абилькадирова А.Т. 2-3 оқушыларымен «Менің отбасым» тақырыбында шығармашылық байқау өткізді. Оқушылар «Ана», «Әке», «Менің атам», «Менің әжем» тақырыбында өлең шумақтарын құрастырып, өлеңдерін мәнерлеп айтып бір-бірімен бөлісті.

17 қыркүйек күні 4-сынып оқушылары арасында Уразалина А.Д. «Отанымыздың алтын діңгегі» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар тақтада берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып, баяндады.

18 қыркүйек күні Тасымов Ж.Б. 7-8 сынып оқушыларымен «Отан отбасынан басталады» тақырыбында эссе жазуды ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты – отбасының маңызын сезіну, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін арттыру.

19 қыркүйек апталық аясында Ибраева Г.Т. 6-сынып оқушыларына «Үлгілі отбасы моделін» жасауды ұсынды. 

Қазан айында мектепте өткен білім айлығында өзара сабақтарға қатысып, тәжірибе алмастық.

23 қараша «Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне» орай мектептің өзін-өзі тану бірлестігі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес 16 қараша «Жүрек қуанышы атты» шығармашылық жұмыстар көрмесін Уразалина А.Д., 17 қараша мектептің кіре берісіне рухани-адамгершілік тәрбиеге байланысты мектеп кітапханашысы Абишева У.Е. кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне оқушылар қатысып, ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған сурет, шығарма, өлең байқауы болды. Байқауға 1-8 сынып оқушылары белсене қатысты.

18 қараша «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті,ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» атты жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстелді Абенова Ж.Ж. жүргізді. Дөңгелек үстелге 16 оқушы қатысты. Басты мақсаты оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардың мағынасын ашып,өз бетінше ойын жеткізуді үйрету. Дөңгелек үстел барысы тыныштық сәтінен басталып, шығармашылық жұмыстар орындалып, видеоролик тамашалап, өз ойларын айқын жеткізді.

«Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні» аясында сабақ соңында оқушылар шаттық шеңберін құрып, ізгі тілектерімен бөлісті.

19 қараша «Тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты семинар сабақ болып өтті. Күтілген нәтиже: мұғалімдер жаңаша үлгіде жұмыс жоспарын құрады, жеке тұлғаның шығармашлығын дамытуға қол жеткізеді. Қолданғын әдіс-тәсілдер: ой толғау, түрткі сауалдар, постермен жұмыс. Әдеттегідей сабақ тыныштық сәтінен басталды. Бес құндылық арқылы мұғалімдер үш топқа бөлінді. Сабақ барысында осы үш топ жұмыстар атқарды. Арасында видеоролик қойылып, әр адам өз пікірімен бөлісіп отырды. сабақ сонында сергіту сәті мен топппен ән айту орын алды.

 

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Абенова Ж.Ж.

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 20.12.2020 23:00
Құрылған күні: 20.12.2020 23:39

Текст